Танымал рэпер бұл жоспарын қашан іске асыратынын айтты
Танымал хип-хоп орындаушы, Jah Khalib деген атпен таныс рэпер Бахтияр Мамедов Қазақстанда заманауи мектеп салу туралы жоспарымен бөлісті. Жобаны жүзеге асыру үшін оған бірнеше млн доллар қаражат керек екен. Бұл туралы Jah Khalib YouTube-каналындағы «Fametime TV» атты бағдарламаға берген сұхбатында айтты.
Сұхбат барысында Бахтияр Мамедов Қазақстанның 14 өңіріндегі хай-тек стиліндегі мектептер салуды жоспарлап отырғанын айтты. Jah Khalib ауыл мектептері жайлы тоқталып, соның ішінде қалалықтарға қарағанда ауыл баласының білім алуға деген құштарлығы жоғары екенін атап өтті.
Мамедовке алдағы жоспарын іске асыру үшін 14 млн доллар шамасында қаражат керек екен. Әрбір білім ордасын салу үшін жоқ дегенде 800 мың доллар жұмсалмақ.
«Мен бұл жобаны серіктестермен бірге қолға аламын. Шамамен 40 жасымда бұл мақсатымды іске асырамын. Жоспарым бар», - деді рэпер.