Иманбек британдық әншімен жаңа трек жазды

Автор: Azattyq Rýhy

Композиция 7 мамырда шығады

Иманбек, фото: nytimes.com

Grammy музыкалық сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов британдық әнші Cher Lloyd-пен бірлесіп жазған Baddest атты жаңа трекінің қашан тыңдарманға жол тартатынын хабарлады.

Ал, британдық Cher Lloyd 7 мамырда шығатын тректің үзіндісін жариялады.

Иманбек Зейкенов Saint Jhn есімді атақты рэпердің «Roses» атты әніне ремикс жасап әлемге танылды. Тіпті, сол ремикі үшін Grammy жүлдесін жеңіп алды.

Иманбек – Grammy сыйлығын жеңіп алған алғашқы қазақстандық. Оның ремикс-туындысы YouTube желісінде 160 миллион рет қаралған, 20 аптадан аса уақыт бойы Billboard Hot 100 чартында үздік 10-дықта тұрды.