Қалалық басқармадағылар бұл ақпаратты растады
«Нұр-Мұқасан» дуэтінің экс-солисі Мұқасан Шахзадаев Алматы қаласы мәдениет басқармасына бағынысты «Алматы әуендері» мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды.
Қалалық басқармадағылар бұл ақпаратты растады.
Танымал эстрада әншісі Мұқасан Шахзадаев 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015), Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1996).
Мұқасан Шахзадаев пен Нұрлан Қонысбаев бірігіп құрған «Нұр-Мұқасан» дуэті 1990 жылдан бастап халыққа кеңінін таныла бастады.