ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

«Ақсаусақ емес, еңбекқор»: Иманбек жайлы оның ұстаздары

Иманбек Зейкенов Roses ремиксімен Grammy жүлдесін жеңіп алды

фото: pavlodarnews.kz

Әлемге танымал диджей кезінде Павлодардағы жоғары электроника және көлік колледжінде білім алған. Аталған білім орнының арнайы пәндер оқытушысы Мақпал Житебаева айтқандай, Иманбек Зейкенов қашанда белсенділігімен танылып, музыкаға құмарлығын көрсетіп жүрді.

«Колледждегі концерттерде диджей болатын. Сабағын өте жақсы оқыды. Мен оның барлық курстық жұмыстары мен дипломдық жұмыстарына жетекшілік жасағам. Ол бәрін «беске» тапсырып жүрді. Ол сызудан болсын, математикадан болсын барлық тақырыптарды тез игеретін», - дейді Мақпал Житебаева.

Grammy иегерінің тағы бір ұстазы Ренат Ысқақов Иманбектің бірінші кезекте еңбекқорлығын ерекше атады.

«Оның қазіргі жастар сияқты ақсаусақ емес, еңбекқор, барлығын өз қолымен жасауға ынталығы байқалды. Колледждің кез келген іс-шарасы Иманбектің көмегінсіз өтпейтін. Төртінші курстан бастап ол музыкаға ден қоя бастады, курстастарымен жаңалығымен бөлісіп жүрді», - дейді Ренат Ысқақов.

Еске салайық, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясымен Grammy жүлдесін жеңіп алды.