Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы деректі фильм эфирге шығады

Автор: Azattyq Rýhy

Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы туралы деректі фильмнің жалғасы көрсетіледі

Фото: elbasy.kz

15 желтоқсанда «Хабар» арнасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайлы деректі фильм көрсетіледі. Бұл жайында Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады. 

«15 желтоқсан сағат 21:40-та «Хабар» телеарнасының эфирінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының өмірі мен қызметіне арналған «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы шығады», - деп жариялады.

Еске салайық, деректі фильмінің бірінші бөлімі 1 желтоқсанда көрерменге жол тартты.