«Арманыңнан қалма!». Ержан дәл осы әнді Польшада шырқамақ
Балалар Евроведениесі байқауында қазақтың ғана емес, күллі түркі жұртының абыройын қорғайтын дарынды ұл Ержан Максим кеше үлкен сахнадағы алғашқы дайындығын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Арманыңнан қалма!». Ержан дәл осы әнді Польшада шырқамақ. Осылайша, әлем халқын асқақ арманын аялауға шақырады.
Балалар ән бәйгесінің ақтық мәресі 24 қараша күні өтеді. Жас әншінің байқаудағы қарымын бағалап, бағына тілеулес болатын қазақстандықтар сол күні сағат 21.00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Еске салсақ, жеңімпазды анықтауға сіз де үлес қоса аласыз. Ол үшін junioreurovision.tv сайтына кіріп, тізімнен Ержанды және тағы 2 қатысушыны таңдап аласыз да, «Дауыс беру» тетігін басасыз.
Айта кетейік, жерлесімізге екі рет дауыс беру мүмкіндігіңіз бар. Бірінші дауыс беру 23 қараша сағат 01:00-ден байқау басталғанша жалғасады. Ал екіншісі концерт аяқталған соң 15 минутқа қайта ашылады.