Қазақстандық балалар «Мулан» фильмін ана тілінде көре алады
Көптен күткен «Мулан» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі премьерасы биыл 17 желтоқсанда көрсетіледі. «Мулан» – қазақ тіліне дубляждалған және отандық кинопрокатқа мемлекеттік тілде шығатын 35-ші фильм.
Фильмдегі рөлдердің бірін қазақстандық каскадер, «Nomad Stunts» каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов сомдады. Мамыр айында ол каскадерлік «Оскар» әлемдік каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығына ұсынылды, жеңімпаздар есімі осы жексенбіде 22 қарашада белгілі болады.
1998 жылғы мультфильмнің ремейкі әлемдік прокатқа шықты. Онлайн-кинотеатрларда қазақ тіліндегі фильм ертерек шығады деп жоспарлануда.
Голливуд киностудияларының отбасылық фильмдерін мемлекеттік тілге «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясы дубляждайды.
«Бір айдан кейін біз дубляждаған 35-ші мерейтойлық фильм кинотеатрларда шығады деп үміттенеміз. Мемлекеттің бізді естігенін, ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі әлемге әйгілі студиялардың контентін дубляждау мүмкіндігін қарастырып жатқанын біліп, екі рет қуандық.
9 жыл бұрын 2011 жылы біз Disney киностудиясымен ынтымақтастығымызды бастадық. Осы жылдар ішінде біз Disney, Sony Pictures, Marvel, Lucas Films, Bazelevs және басқа студиялардың 35 фильміне дубляж жасадық. Жобаның арқасында қазақ тілі Disney студиясының 39-шы тілі және Sony Pictures студиясының 7-ші тілі болды. Дубляж саласының 203 маманы біліктіліктерін арттырды.
Жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен белгіленді. Жобаның басты құндылығы – біздің балаларымыз өзінің ана тілінде ең жақсы шетелдік анимациялық фильмдерді тамашалап, қазақ тілінде таңдай қағып сөйлейді. Біз әлемнің жетекші кинокомпанияларымен көпжылдық ынтымақтастық тәжірибемізді мемлекеттік органдармен, республикалық телеарналармен және барлық ниет білдірушілермен бөлісуге қуаныштымыз әрі дайынбыз», - деп атап өтті «Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова.».