Қарағандыда Абайға арналған ескерткіш ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жобаның авторы - Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Бейбіт Мұстафин

Фото: facebook

Қарағандыда ұлы ақын, Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек  Facebook желісінде жазды.

Аталған шараға қоғам және мемлекет қайраткері Сауытбек Әбдірахманұлы, абайтанушы ғалым Ғарифолла Есімұлы, айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы, «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры Ерлан Ерназарұлы келген.

Жобаның авторы – Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Бейбіт Мұстафин.

Аталған мәдени нысанның ашылу салтанатына орай аудандық мәдениет үйінің алаңы мен қасбетін қайта құру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.