Димаш пен Крутой жаңа ән жазуға кірісті

Автор: Azattyq Rýhy

Әннің сөзін РФ халық әртісі Игорь Николаев жазған

Фото: ашық дереккөзден

Ресейлік композитор, продюсер Игорь Крутой қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен бірлесіп жаңа ән жазуға кіріскенін хабарлады.

«Димаш екеуміз пандемия кезінде бірінші рет жаңа ән жазуға кірістік. «Я скучаю по тебе» атты әннің сөзін талантты досым Игорь Николаев жазды. Игорь екеуміздің шығармашылық тандем құрмағанымызға көп болды. Әннің болашағы жарқын, ғұмыры ұзақ болады деп сенемін», - деп жазды композитор.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген бұған дейін де Игорь Николаевтың бірқатар әндерін орындаған болатын.