Димаштың бейнеклиптері түрік телеарнасынан көрсетіле бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Оның әндері бір апта бойы күніне бірнеше мәрте көрсетіледі

Түркияның TMB атты музыкалық телеарнасында қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің бейнебаяндары көрсетіле бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Менің видеоларымды түрік музыка арнасынан тамашалауға болады. Бәріңізге іске сәт!», - деп жазды Димаш өзінің Instagram парақшасында.

 

Орындаушының әндері TMB телеарнасында бір апта бойы күніне бірнеше мәрте көрсетіледі