Данэлия Тулешова America's Got Talent байқауының финалында жеңілді

Автор: Azattyq Rýhy

Байқаудың жүлделі үш орны да америкалық әншілерге бұйырды

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова АҚШ-та өткен дәстүрлі America's Got Talent байқауының финалында жеңілді. Бас жүлде және 1 миллион доллар америкалық әнші Брендан Ликке бұйырды.

Байқау нәтижесі әлеуметтік желілердегі America's Got Talent парақшасында ресми жарияланған.

Еске салайық, Лос-Анджелес қаласында осымен 15-рет ұйымдастырылған America's Got Talent байқауының финалы 22 қыркүйекте өткен болатын. Оны NBC телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Данэлия ақтық сында америкалық әнші Sia-ның Alive әнін орындады.

Финалда барлығы 10 әнші өнер көрсетті. Олардың бәрін көрермендер онлайн дауыс беру арқылы іріктеп алған.