Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловты 80 жасымен құттықтады

Автор: Бақыт Шынар

Президент жазушыға жеделхат жіберген

Фото: LITER газеті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловты сексен жасымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бүгін президент ақын, журналист, Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Ал құттықтау жеделхатында президент жазушының ерен еңбегі мен еңбекқорлығын атап өткен.

«Табиғи талантыңыз бен еңбекқорлығыңыздың арқасында шығармашылық жолыңызда ерен табысқа қол жеткіздіңіз. Ұзақ жылдар бойы еліміздің беделді басылымдарында жемісті еңбек етіп, «Казахстанская правда» газеті мен «Простор» журналын басқардыңыз. Адамгершілігі мол әрі өмірлік ұстанымдарынан айнымаған тұлға ретінде қаламгерлер арасында және қоғамда үлкен құрметке бөлендіңіз,» – деп жазылған жеделхатта.

Тоқаев жазушының оқырманның бірнеше буыны қызыға оқитын шығармалары төл әдеби қазынамыздың бір бөлшегі ретінде лайықты бағаға ие болды деп санайды.