Әлия Әшім, Дастан Оразбеков, Аян Өтепберген: Тоқаев жас таланттарды мемлекеттік медальдермен марапаттады (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Бүгін президент Ақордада мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлерді қабылдады

Фото: Ақорда

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар қайраткерлерді марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін біз Халық әртісі Мақпал Жүнісова мен актер Бақтияр Қожаның да марапатталғанын да жазған едік.

Бұдан өзге, президент бір топ жас таланттарды «Құрмет» және «Ерен еңбегі» медалімен марапаттады. Атап айтсақ, танымал әнші Дастар Оразбеков пен актер Аян Өтепберген «Құрмет» орденін, ал журналист Әлия Әшім мен актер Жасұлан Көпберген «Ерен еңбегі» үшін медалімен марапатталды.

Жалпы, бүгін президент марапаттаған тұлғалардың тізімін мына жерден оқи аласыздар.