Есмұхан Обаев маусым айында 85 жасқа толатын еді
Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері, профессор, платиналы «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты Есмұхан Несіпбайұлы Обаев дүние салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап, актердің отбасына көңіл айтқан.
«Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын қазақ театр өнерінің дамуына, сахна мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық режиссура мен актерлік мектептің қалыптасуына арнаған көрнекті тұлға болатын. Ұлт мәдениетінің мерейін өсірген, театр өнерінің абыройын асқақтатқан ардақты азамат қай кезеңде де өнерге адалдықтың, кәсібіне жауапкершіліктің үлгісін көрсете білді. Ол тәрбиелеген буын, сахналаған туындылар мен қалыптастырған көркемдік ұстаным қазақ театрының алтын қорында қала бермек», - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.
Есмұхан Обаев 1941 жылы 23 маусым күні қазіргі Алматы облысында дүние келген.