Ол «Рэкетир», «Жаужүрек мың бала», «Томирис» секілді туындылардың режиссері
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті болып Ақан Сатаев тағайындалды.
Ұжымға жаңа басшыны Мəдениет жəне спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов таныстырып, алдағы қызметіне сəттілік тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазақфильм» басшылығында белгілі актер Арман Асенов болды.
Ақан Қарғамбайұлы Сатаев 1971 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
1994 жылы Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін тəмамадаған.
2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалап, 2007 жылы «Рэкетир» атты алғашқы толықметражды фильмін, «Адасқан» мистикалық триллерін (2009), «Ағайынды» сериалын (2009), «Ликвидатор» психологиялық драмасын (2011), «Жаужүрек Мың бала» тарихи фильмін (2012) түсірген. Сондай-ақ «Районы» криминалдық драмасы мен «Анаға апарар жол» тарихи драмасының (2016), «Бизнесмены» (2018), «Томирис» (2019) жəне тағы басқа туындылардың режиссері.
2014 жылы киноиндустрия саласының үздік өкілі ретінде «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығына ие болды.
2016 жылы жас режиссерлерді қолдауға бағытталған Astana Film Found қорының негізін қалаған.