«Джекин Чанның командасы»: Ақтау азаматтары атақты актердің әріптестерін видеоға түсіріп алған (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Аңыз адамның командасы Бозжыраны ресми түрде түсірілім алаңы деп бекіткен еді

Фото: Видеодан скрин

Бұған дейін хабарлағынымыздай, әлемге аты әйгілі Джеки Чан және «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссері Роберт Кун жаңа киноларын Маңғыстау облысында түсіретін болды. Ақтаулықтар қаладан Джеки Чанның командасын байқаған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде таралған видеоға қарасақ, шетелдіктер қаладағы қонақ үйлердің біріне тоқтаған.

«Ақтауға Джеки Чанның командасы келді», - деп жазған видео авторы.

Әлемге аты әйгілі Джеки Чан және «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссері Роберт Кун жаңа киноларын Маңғыстау облысында түсірмек. Бұл ресми ақпаратты Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы таратқан еді.

«Әлемдік кино жұлдыз Джеки Чан мен «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссері Роберт Кун жаңа киноны түсіретін негізгі алаңы ретінде Маңғыстау облысын ресми түрде бекітті», - деп хабарлайды дереккөз.

Қазір Маңғыстау облысын аралап жүрген команда облыстың табиғаты мен инфрақұрылымын көріп, «Доспехи Бога» фильмінің түсірілім орны ретінде Маңғыстауды таңдап алған.