Әлемнің 14 еліндегі архивтерден Қазақстанға қатысты 7 мың құнды құжат табылған

Автор: Бақыт Шынар

Бүгін – Қазақстандағы архив қызметінің мамандары кәсіби мерекелерін тойлап жатыр

Фото: istockphoto.com

Бүгін Қазақстанда архив қызметкерлері кәсіби мерекелерін тойлап жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі осы күнге орай архив саласындағы маңызды статистика ұсынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, қазір Қазақстанда 236 мемлекеттік архив жұмыс істейді. Онда жалпы көлемі 27,8 миллион дананы құрайтын 74 725 архив қоры сақталып тұр.

«Биыл «Архив – 2025» жобасы аясында Германия, Польша, Франция, Түркия, Үндістан, Иран, Египет және Орталық Азия мемлекеттерін қоса алғанда, 14 елдің архиві мен кітапханасында, сондай-ақ ғылыми мекемелерінде зерттеу жүріп, Қазақстан тарихына қатысты 7 мыңнан астам құнды құжат жиналды», - деп хабарлайды Мәдениет министрлігі.

Енді осы 7 мыңнан астам құжатты кезең-кезеңімен ғылыми айналымға енгізу көзделіп отыр.