Теңіздегі наразылық, вахтада қалғандар мен коронавирусқа сенбейтіндер жайлы – әкім орынбасары

Автор: Azattyq Rýhy

«Азат алаң» қонағы – Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова

фото: Батыржан Беспаев

Атырау облысы коронавирус жұқтырғандардың саны жөнінен ел бойынша 3-ші орында. Өңірдегі індет көрсеткіші бойынша негізгі үлесті «Теңіз» кен орны алып отыр. Бүгінге дейін кеніштегі 1 мыңнан астам  мұнайшыдан коронавирус инфекциясы табылып, ауруханаға жатқызылған. Вахталық қалашықтардан 20 мыңға жуық жұмысшы шығарылғанымен, қауіп әлі сейілмеген. Өйткені, кеніште әлі 11 мыңға жуық жұмысшы бар. Олар не үшін карантин тәртібіне наразы? Республиканың түкпір-түкпірінен нәпақа іздеп келіп, індетке шалдыққандардың жалақысы, жұмыс орны сақтала ма?

Кенішті игеріп жатқан алпауыт компаниялармен жүргізілген келіссөз, жұмысшы санын қысқарту мен мұнай өндіру, жалпы «Теңіздегі» соңғы ахуал жайлы Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова айтып берді.