«Азат алаң» қонағы – Денсаулық сақтау министрлігінің бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева
Осы аптада Мәжіліс жұқпалы аурулардан сақтану үшін балаларға екпені міндеттеуге рұқсат етті. Даулы кодекс Мәжілісте мақұлданғанмен, әлі Сенат сүзгісінен өткен жоқ. Дегенмен, ел ішінде қызу талқыланып жатқан құжатқа қарсылық танытушылар да жетерлік. Тіпті, былтыр елімізде 6 мыңнан астам ата-ана ұл-қызына екпе ектіруден бас тартқан. Осы мәселеге байланысты ДСМ бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева вакцинаға қатысты түсінбестік тудырған сұрақтарға жауап береді.