Коронавирусқа байланысты мешітке келетін жамағат саны 15 пайызға азайды – Діни басқарма

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда коронавирус жұқтырған үш адам тіркелді 

Діни басқарма коронавирус инфекциясының таралуына орай елдегі мешіттерде сақтық шараларын күшейтіп жатыр.

Қатерлі індетке байланысты мүфтият құлшылықты үйде орындауға кеңес беріп, жұма намазына байланысты бірқатар шектеулер енгізді. Сонымен, Алла үйлерінде енді бес уақыт намаз қалай оқылады, тазалық қалай сақталған, жамағат жаңа пәтуаны қалай қабылдады – бұл сұрақтарға ҚМДБ наиб мүфтиі Ершат Оңғар жауап берді.