Наурыз мейрамы қатарынан 9 күн тойлануы керек – ұсынысты талқылау

Автор: Azattyq Rýhy

«Азат алаңда» - Еркебұлан Жұмашов

«Рухани жаңғыру» институтының Наурыз мейрамын бастан-аяқ реформалауға қатысты ұсынысы елде қызу талқыланып жатыр. Осыған орай «Азат алаң» бағдарламасы идея авторы «Рухани жаңғыру» институтының сарапшысымен сұқбаттасқан еді. Еркебұлан Жұмашов ұлыстың ұлы күнін 9 күн қатарынан атап өтуді қолдап отыр. Өйткені қала, аудан мен ауылдардың  алшақ орналасуына байланысты адамдар жолға көп уақытын жоғалтады. Сондықтан 14-23 наурыз аралығын мемлекеттік деңгейде  демалыс деп  жариялап, отбасылық мерекеге айналдыру  керектігін айтады. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер жаңа жылдық корпоратив кештерін неге көктемде өткізу қажеттігіне тоқталды.