«Азат алаңның» бүгінгі қонағы - Мәжілістің бірінші және төртінші шақырылымында депутат болған қоғам қайраткері Ирак Елекеев
Ирак Қасымұлы бүгінгі сұхбатта парламенттегі «үндеместер» мен «ұйқылы-ояу» жүретін бұрынғы әріптестерін сынға алды. Не себепті «Ақжол» мен Қазақстан коммунистік халық партиясында «болашақ жоқ» деп есептейтінін түсіндірді. 72 жастағы экс-депутат, зейнеттегі Ирак Елекеев саясаттағы сатқындық, бизнесі, отбасы жайлы айта келе, жақында президенттің кадрлық резервіне іліккен 33 жастағы ұлы жайлы да тоқталды.