«Байларды жарылқайды» - сарапшылар зейнетақы жүйесін реформалауға қатысты

Автор: Azattyq Rýhy

«Азат алаңда» зейнетақы қорындағы жинақ «тағдыры» талқыға түсті

Осы аптада Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов зейнетақы жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының құрамынан шығып кетті. Өйткені, экономист Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қордағы қаржыны салымшылардың «жас шегіне» қарай беру керек деген ұсынысына қарсы шығып отыр.

Құдайбергеновтың пікірінше, бұл шикі идея жүзеге асатын болса, жалпы салымшылардың 1 пайызы ғана жинақтағы ақшасының бір бөлігін ала алады. Оның үстіне елімізде тек 113 мың тұрғынның осы сомадан асатын ақшасы бар екен. «Азат алаңның» сарапшылары да министрлік ұсынысынан 1 миллион теңгеге жуық айлық алатын әкім, министр, депутаттар мен ұлттық компания қызметкерлері ғана ұтатынын айтады. Бұл «байларды жарылқау» деген пікірдегі сарапшылар зейнетақы қорынан ақшаның бір бөлігін шешіп алуға ешкімге рұқсат берілмеуі қажет дейді.