«Мәселе eGov-та емес, мұның саяси астары бар»: сарапшы СБЕР-мен меморандум жайлы

Автор: Azattyq Rýhy

IT саласының маманы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусинмен неге келіспейтінін айтты

IT саласының маманы Жансерік Төлеген «Азат алаң» бағдарламасының қонағы болып, eGov платформасын қайта жасақтау мақсатында не себепті ҚР үкіметінің ресейлік CБЕР компаниялар тобы қызметіне жүгініп отырғанына қатысты ойын айтты.

Сарапшы eGov платформасын қазіргі қызмет көрсету сапасына бағасын беріп, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин келтірген бірнеше аргументке өз пікірін айтты. Сондай-ақ министрмен келіспейтін тұстарын ашық айтты.

Еске салайық, жуырда Қазақстан Үкіметі мен ресейлік CБЕР компаниялар тобы цифрлық үкімет платформасын құру туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта Владивостокта өткен «Шығыс экономикалық форумы-2021» бағдарламасында мәлімдеді.