«Азат алаң» қонағы – Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров
Үкімет жоспары бойынша, болашақта Ақтөбе қаласы еліміздегі төртінші мегаполиске айналуы тиіс. 500 мыңнан астам тұрғыны бар шаһар бұл мәртебеге лайық па? Облыс орталығында әкім неге жиі ауысады? Тәуелсіздік жылдарынан бері Ақтөбенің 14-ші әкімі атанған самбодан үш дүркін әлем чемпионы Асхат Шахаров билікке келген 8 айда не бітірді? Оның әкімдікке кіл спортшыларды жинап жатқаны рас па? Көктем жетсе шұрық-тесік болатын қала жолдарын жөндеуге биыл қанша қаржы бөлінді? Болашақ мегаполисте баспана мен жер кезегінде қанша адам тұр? Осы және басқа да сұрақтарға шаһар басшысы жауап берді.
Сондай-ақ 42 жастағы Асхат Шахаров қала экономикасы, архитектурасы, жалақысы және қандай жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін де айтты.