«Азат алаңның» қонағы - сенатор Еділ Мамытбеков
Докторлық диссертациясы «плагиат» деп басы дауға қалып, артынан қызметінен кеткен Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың әрекетінен кейін еліміздегі саяси элитаның қандай ғылыми атағы барын түгендеп шықтық. Сөйтсек, Үкімет құрамында 4 ғылым кандидаты, 4 ғылым докторы, 3 ғылым магистрі бар екен. Және министрлер кабинетінде PhD докторы атағы бар жалғыз адам – Асхат Аймағамбетов болып шықты. Айта кетейік, Үкімет мүшелерінің ғылыми дәрежесіне қатысты мәлімет интернеттегі ашық дерек көздерінен алынды. Бір қызығы, шетелде оқып келсе де, бірқатар шенеуніктер не министрлік сайтында, не интернетте ғылыми атақтарына қатысты ешқандай ақпар бермеген. Ал, ашық дереккөздерде өзін отандық университеттердің түлегі ретінде таныстырған министрлердің ғылыми дәрежесін «бакалавр» дәрежесі ретінде қалдырдық.
Билік басында жүргендердің ғылыми жұмыстарында «плагиат» болуы мүмкін бе? Олардың ғылыми жұмыстарын тексеруге бола ма? Бұл сұрақтарды плагиат дауы үшін вице-министрді қызметінен кетірген сенатор Еділ Мамытбековтен сұрап көрдік.