«Азат алаң» қонағы – Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров
Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданы облыс орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан. Бірақ Ақтау іргесінде тұрса да, тұрмыстық түйткілі шаш етектен. Әсіресе, ауданның 173 мың тұрғыны ауыз суға жарымай отыр. Мұнайлы әкімі «Өзім де құдықтан су ішіп отырмын» деп ақталады. Мәселені шешуге не кедергі? Әкімнің қарапайым халықтан қашып жүргені рас па? Соңғы кездері Жаңаөзеннен кейін аты жиі шығып жүрген Мұнайлының тағы қандай мұңы бар? «Азат алаң» Маңғыстауға барып, жұрттың жанайқайын тыңдап келді.