«Азат алаң» қонағы – Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов
Коронавирус пандемиясы Маңғыстау облысының экономикасына да кері әсерін тигізді. Карантин кезінде аймақта 10 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанның қызметі тоқтап, 3 мың адам жұмыссыз қалған. Соның салдарынан жергілікті қазынаға 14 млрд теңге түспей қалған.
Енді бюджет тапшылығы қалай жабылады?
Табыссыз қалған адамдарға тұрақты жұмыс орны табыла ма?
Неге Каспий жағасындағы қонақүйлердің бағасы Түркия мен Египеттен де қымбат?
Кезінде жарнамасы жер жарған «Ақтау Сити» жобасы неге аяқсыз қалды? Жаңаөзенде жиі өтетін наразылық шараларының артында кім тұр?
Трұмов әкімдер рейтингіне неге күдікпен қарайды
Қарамағындағы қызметкерінің жемқорлығы үшін отставкаға кетуге дайын ба?
Трұмов қандай үйде тұрады, бизнесі бар ма, жалақысы қанша?
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов командалық басқару, отбасы мен балалары жайлы басқа да сұрақтарға жауап берді.