Көбейтұз туристік жоба ретінде өте тиімсіз – әкім

Автор: Azattyq Rýhy

«Азат алаң» қонағы – Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжанов

Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне арнайы барып, материал әзірледі. Жақында Мемлекет басшысының арнайы назарына ілініп, мемлекеттік деңгейде ерекше мәртебеге ие болғалы жатқан Көбейтұз жайлы Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжановпен сұхбат құрды. Сұхбат барысында Көбейтұздың болашағы, ерекше қорғалатын табиғи аймаққа айналған соң көлде нендей өзгерістер болатыны жайлы әңгімелесті. Аудан әкімі не себепті кәсіпкерлердің көлге ақша салуға құлықсыз екенін, неліктен Көбейтұз туристік жоба ретінде өте тиімсіз екенін айтып берді.