«Азат алаң» қонағы – медицина саласының сарапшысы Қайырғали Көнеев
Танымал невропатолог-дәрігер Қайырғали Көнеев Денсаулық сақтау жүйесінің коронавируспен күрес кезінде жіберген негізгі кемшіліктерін атады. Ол әсіресе, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қателіктерін тізіп, індетке қарсы күреске бөлінген 192 млрд теңгенің қалай жұмсалғанын бастан-аяқ тексеру керек деп есептейді. Сондай-ақ, маман қазіргі Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың аяқ алысына баға беріп, бірқатар кеңесін ұсынды.