Тойда «біртүрлі» билеген әйел жұрттың талқысына түсті (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол тойдағы шоуға қатысып, ерекше өнерін көрсеткен

Фото: видеодан скриншот

Қазнетте тойдағы ойынға қатысқан әйелдің биі көпшіліктің назарын аударып, талқыға түсті, деп жазады Azattyq Ryhy.

Қызыл жейде киген әйел «Афоня» фильміндегі биді қайталамақ болды дегендер көп.

«Афоня» деген фильмдегі биді қайталап тұр ғой. Өте ерсі, жараспаса неге билейді. Экрандағы биді қайталап тұрған шығар. Зіркілдек би, зіркілдеуін-ай анау ер адамды ұрып жыға ма деп қорқып кеттім ғой», - деп жазған олар.

Дегенмен, оның өнерін қолдап, биіне тамсанғандар да болды.