«Нағыз махаббат деген осы»: ерекше жұптың тойы қазнетті тамсандырды (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Олардың қолдаушылар да, сөгушілер де пайда болды

Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде ерекше жұп жұрттың талқысына түсті. Қалыңдықтың таңдауы арбада отырған жігітке түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Пост авторы  бұл заманда осындай адамдар үйленеді дегенге сену қиын екенін, алайда нағыз махаббат бар екенін жазған. 

«Біздің заманда осындай болады дегенге сену де қиын. Бірақ, мына видео нағыз махаббат бар екенін дәлелдеді. Бойжеткен бұл жігітті сүйіп қосылған, өйткені, ол үшін жігіттің түр-келбеті маңызды емес. Бұндай адамдарға деген құрметім шексіз», - деп жазған автор. 

Екі жастың тойындағы видеолар желіде кең таралып, қызу талқыға түскен. Кейбірі қалыңдықтың таңдауын қолдап, «нағыз махаббатқа» теңесе, кей қолданушы сыни ойлаудың жоқтығын айтып, қызды аяп үлгерген. Пікір жазғандар екі топқа бөлінген.

«Ол оған ешқашан көмектесе алмайды. Уақыт өте келе ол оны жек көре бастайды, бірақ тастауға қимайды.Оның дені сау адам ретінде, физиологиялық қажеттіліктері болады, ал егер бала қаласа ше? Ол оны көтеріп жуындыруға, шомылдыруға мәжбүр болады. Айына бір рет перделерді, шамдарды өзі ауыстырады, азық-түлік сатып алады. Жарайды, клининг те, жеткізу де бар делік. Бірақ оның ата-анасы болмаған кезде шығындарды кім көтереді? Ол кезде өзі қартайып қалады. Жұмысқа шыққан кезде әріптестерімен корпоративтерге барады, мүмкін», - деп жазды олар.

Мүгедектігі бар аналар да жанайқайын жеткізіпті.

«Мүгедектігі бар баласы болған ана ретінде, мен де қызым өскенде өз бақытын тапса екен деп тілер едім. Бірақ дені сау адамдардың ата-анасы балаларының мүгедектігі бар жандарға үйленгенін қаламайтынын да түсінемін. Не істерімді білмеймін. Егер екеуі де қаласа және бақытты болса,  неге болмасқа?», - деп жазған ол.