Ол ұлттық спорт түрінен күш сынасуға шақырды
Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхамеджан Сейсен аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитовті көкпардан күш сынасуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қақпашы ұлттық құраманы үнемі сынға алатын Қуат Хамитовті осылай күш сынасуға шақырды.
«Мен – футболшымын, ол кісі төбелеседі. Мен рингке шықсам немесе ол кісі маған келсе (футбол алаңына келсе) түсінікті, тең болып қаламыз. Ол – қазақ. Бізде ұлттық спорт бар. Ол – көкпар. Ол ағамды көкпарға шақырамын», – дейді Мұхамеджан Сейсен.
Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының әрбір сәтсіздігінен кейін Қуат Хамитов команданы аяусыз сынға алып, қомақты қаржының бұл спорт түріне бөлінгені дұрыс емес екенін айтады.