Тренд қуалайтындардың дәурені өтті
Instagram әлеуметтік желісі Rings атты жаңа марапаттау бағдарламасын іске қосты. Бұл бастама Meta компаниясының шығармашылық идеялары мен ерекше көзқарасы бар авторларды қолдау және тану мақсатында жасалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Rings бағдарламасы арқылы түпнұсқалық контент пен шығармашылық еркіндік көрсетуге батыл болған авторлар ерекше мәртебеге ие болады.
Бағдарлама жеңімпаздары екі түрлі марапатқа ие болады:
Сонымен қатар, жеңімпаздар үшін эксклюзивті мүмкіндіктер ашылады:
Instagram өкілдерінің айтуынша, Rings бағдарламасы қаржылай сыйақы бермейді, бірақ бедел мен шығармашылық еркіндік тұрғысынан ерекше мәнге ие.
Жеңімпаздарды таңдаумен арнайы қазылар алқасы айналысады. Оның құрамына Instagram өкілдерімен қатар, мода, мәдениет, медиа және технология саласының танымал тұлғалары кіреді.
Бағалау кезінде келесі өлшемдер ескеріледі:
Пайдаланушылар бұл бағдарламаға өздігінен қатыса алмайды – жеңімпаздарды Instagram мен қазылар алқасы ішкі іріктеу арқылы анықтайды.
Rings бағдарламасының іске қосылуы – Instagram-ның контент сапасына жаңа көзқараспен қарауының айғағы. Платформа енді тренд қуған емес, керісінше, өзіндік стиль мен идея ұсынған авторларды көбірек дәріптеуге бағыт алып жатыр