Димаш Құдайберген қазір Voice Beyond Horizon музыкалық жобасына продюсерлік етіп жүр
Димаштың халықаралық жобасының түсірілімі еліміздің ең көрікті жерлері - Каспий мен Бозжырада жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Туризм және спорт министрлігі түсірілімнің суреттерін жариялаған. Түсірілім Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларында өтеді.
«Voice Beyond Horizon музыкалық жобасы – Димаш Құдайберген мен Hunan Broadcasting System бірлесіп жүзеге асырып жатқан бастама. Бұл жоба Қазақстанды миллиондаған көрерменге жоғары туристік әлеуеті бар ел ретінде танытады», - деп хабарлайды министрлік.
Шоудың финалы елордада өтеді деген жоспар бар.