Әнші желідегі парақшасына ұстанымы туралы пост салған
Халық және эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдинаның жаңа видеосы тыңдармандарының көңілінен шығып, олар оған комплимент жаудырып жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.
Телеарналардағы бағдарламаның біріне келген әнші «Қазмедиаорталығында» видео түсіріп, оның астына жаңа пост салған.
«Күн ешкімді бөліп-жармайды. Адам ба, табиғат па, жақсы ма, жаман ба, бәріне бірдей жылу, жарық береді. Сол үшін болар күнді бәрі жақсы көреді, бұлт арасынан күннің шыққанын күтеді.
Адам да күндей бола алады. Көңілмен. Жылы сөзбен. Ізгі әрекетпен. Әр күн сайын біреудің жанын жылытсаң өзің де өсесің, өзің де нұрланасың. Мен үшін бұл жай сөз емес. Бұл - менің ұстанымым», - деп жазған әнші.
Тыңдармандары мен желідегі оқырмандары оның образын әйгілі түрік сериалындағы басты кейіпкер – Хюррем Сұлтанның жүріс-тұрысымен салыстырып, мақтау айтып жатыр.