Карина бұған дейін бірнеше әлемдік брендпен жұмыс істеген
Қазақстандық модель Карина Жармұхамбетова атақты Gucci-дің фотосессиясына қатысып, отандастарын таң қалдырды. Италияның әлемге әйгілі бренді Каринаның суретін ресми аккаунтына салған, деп хабарлайды
2025 жылдың күзі мен қысына арналған коллекцияда Карина төсі ашық, күрең түсті көйлек, қанық күлгін түсті туфли киіп отыр. Модель көйлегінің үстінгі қабатын орындыққа ілген.
Айта кетейік, Карина қазір Еуропада өмір сүреді. Platform агенттігімен келісімшартқа отырған ол бірнеше әлемдік брендпен жұмыс істеген.
Gucci-дің ресми аккаунтындағы Каринаның суретіне қазақстандықтар көп пікір қалдырған. Бірі – оның бұл жұмысын мақтаныш тапса, кейбірі оның ашықтау киіміне шүйліккен.