«Анасы үшін әлі бала сияқты»: 94 жастағы кейуана 62 жастағы ұлына көрпе жауып, елдің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Осы әсерлі сәттің видеосын қазақстандықтар бір-біріне таратып жатыр

Фото: видеодан скриншот

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде бір-біріне әсерлі видео таратып жатыр: бейнежазбада 94 жастағы қарт әженің 62 жастағы ұлына мейірім танытып жатқанын көруге болады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Видеодан байқағынымыздай, үлкен кісінің ұлы жерде ұйықтап жатқан. Дереккөзге сүйенсек, ұлының өзі 62 жасқа келген. Бірақ анасы оны баладай көріп, тоңып қалмасын деп үстіне көрпе жапқан. 

Бұл сәтті көрген желі қолданушылары ананың мейіріміне тәнті болып, жылы пікірлерін жаудырып жатыр.

Көпшілік бұл видеоны өз өміріндегі ұқсас оқиғалармен салыстырған.

«Бала нешеге келсе де өз анасына кішкентай болып қалады ғой. Әкелер де сондай болады екен. Әкеммен бірге ауруханаға атамды көруге бардық. Әкемнің жасы 70-те, ал атам 92-де. Екеуі холлда тұр, екеуі де кішкентай, ақсақал тартқан, ал жасы үлкені (менің атам) бәрін баласына (менің әкеме) айтып жатыр: «Бас киімсіз жүрсің, күз ғой, дымқыл, жел соғып тұр, ал сен жалаңбассың. Суық тиеді, ауырып қаласың». Сондай бір жүрек елжірететін көрініс болды, көзге жас келді», - дейді кейбір пікір иелері.