Олар үйлену тойын қайта жаңғыртты
Әнші Роза Әлқожа жұбайы Айдын Қабаның 45 жасы мен күміс тойларына орай той өткізген, деп жазады Azattyq Rýhy.
Әнші мерекелік кешті YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіп, 7 мыңнан астам көрермен жинапты.
Роза Әлқожа мен жолдасы Айдын Қаба кешке арнайы жас жұбайлар бейнесінде шығып, әнші ақ көйлек киіп, қалыңдық образын қайта жаңғыртты. Тойдың сәнін дизайнер Аида Кауменова тіккен ерекше көйлек кіргізді.
Мерекеге өнердегі әріптестері мен жақын достары жиналды. Олардың арасында Жанар Айжанова, Жеңіс Ысқақова және қазақ эстрадасының танымал әншілері бар.Қонақтар ән шырқап, батасын беріп, мерекелік кештің ажарын аша түсті.
«Күміс тойдан кейін алтын тойға да жетейік», – дейді әнші жолдасын құттықтай отырып.
Айдын Қаба тойдағы сөзінде алғаш рет үйленіп жатқандай болып отырғанын айтты.
«Ешкімді бөліп жармаймын, баршаңызға басымды иіп, рақмет айтамын. Арнайы алғысты өзімнің жаңа жарыма алғыс білдіремін. Осы керемет тойды әдемі ұйымдастырды», - деді ол.