Қазнет ұзату тойында қуыршаққа айналған қалыңдықтың видеосын қызу талқылап жатыр (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Тойдағы ерекше көрініс елді таң қалдырды  

Фото: видеодан скриншот

Қазақстанда Адина есімді қалыңдық ұзату тойында қуыршақтың қорабына кіріп алып, ел алдына шыққан. Тойдағы бұл көрініс қонақтарды таң қалдырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қорап кәдімгі барби қуыршақтың қорабына ұқсайды. Оның ішіндегі қалыңдықты төрт жігіт итеріп келе жатыр. Тойға келген қонақтар бұл көрініске таң қалып, видеоға түсірген. 

Қолданушылардың біразы қалыңдықтың бұл ерекше образына жақсы баға берсе, кейбірі тың көріністі түсінбей, негатив пікір жазған.  

Айта кетейік, бұған дейін тойлардың бірінде қайыққа мініп төрге шыққан қалыңдықтың видеосы тарап, желі қолданушыларының сынына ұшыраған еді.