Қызы тергеліп жатқан Абай Бегей әйеліне қымбат көлік сыйлады (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Әнші Абай Бегей жұбайы Фаризаға тосын сый жасады

Фото: видеодан скриншот

Эстрада әншісі Абай Бегей жұбайына қымбат көлік сыйлаған. Жуырда оның қызына қатысты тергеу басталғандықтан, халық әншінің бұл сыйлығын талқылап жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

Видео жарияланғаннан кейін желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Бірі әншінің қадамын құптаса, енді бірі әзіл-қалжыңға толы пікір жазған.

Естеріңізде болса, әншінің қызы Гүлеркем Ниязқұлова мен оның күйеуі Instagram, TikTok және Telegram әлеуметтік желілері арқылы 850 мыңнан астам оқырман жинап, онлайн лотерея өткізген. Бұл туралы алғаш болып жазған редакция уәкілетті органдарға ресми сауал жолдап, Гүлеркем Ниязқұлова лотерея агенті емес екенін анықтаған еді. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар автокөлік, пәтер, басқа да бағалы сыйлықтарды жүлде ретінде ойнатқан. Осылайша заңсыз түрде 162 млн теңге табыс тапқан.

Қазіргі таңда күдіктілердің жылжымайтын мүлкі мен банктік шоттарына шектеу қойылды. Алайда Гүлеркем Ниязқұлова әлі күнге дейін әлеуметтік желіде жарнама жасап, парақшасын емін-еркін қолданып отыр. Оның әлеуметтік желі арқылы табыс табуына тыйым салынбаған.