«Кек сақтамаймын»: Мөлдір Мұқанова көпшілікке жан сырын ақтарды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аударды

Фото: instagram.com/moldir.mt

Қазақстандық продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аударды. Ол Instagram-парақшасында өзінің өмірлік ұстанымдары мен айналасына деген көзқарасы жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Өнер иесінің шынайы сыры

Желі қолданушылары арасында жиі талқыланатын «неге қарсыластарына жауап бермейді?»деген сұраққа әнші былай деп жауап қатты.

«Айналамдағылар неге саған жамандық жасағандарға үн қатпайсың деп сұрайды. Ал мен уақытымды өз деңгейімнен төмен түсіп, кек қайтаруға ысырап етпеймін. Мен үшін тыныштық – ең үлкен жеңіс, сабыр сақтау – нағыз биіктік. Себебі менің жүрегімде кек емес, кешірім көп», – деді Мұқанова.

Жеке өмір мен шығармашылықтағы ұстанымы.

Ол әрдайым ішкі тыныштық пен кешірімділікті шығармашылықтағы басты қағидасы ретінде атап өтеді. Мұқанованың пікірінше, кек сақтау – адамның рухани дамуына кедергі. Оның орнына сабыр мен кешірім – шынайы бақытқа бастайтын жол.