Ол 52 жасқа толды
Танымал актер, режиссер әрі театр қайраткері Сәбит Әбдіхалықов 52 жасқа толған туған күнінде көпшілікпен жүрекжарды жазбасын бөлісті. Өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өмір жолындағы қуанышты сәттер мен сынақтарға тоқталып, өткенге шүкіршілік етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әбдіхалықов туған күнін тек жас қосу емес, өмірді бағалап, болашаққа үмітпен қараудың ерекше сәті деп есептейді.
«52 жас. Бір рөл – өзім. Сахна – өмір. Сценарий – Алланыкі. Өмір маған түрлі кейіпкерлерді жолықтырды. Ақиқат пен аярлықтың, достық пен сатқындықтың, күлкі мен көз жастың шегін сезіндірді. Бірақ мен ешқашан өзгенің рөлін ойнаған емеспін», – деп жазды актер.
Сәбит Әбдіхалықов өнердегі жолын кеңінен баяндап, әр кезеңнен алған сабағын атап өтті:
Әртіс үшін ең қымбат баға – көрермен жүрегіне жеткен бір тамшы ой екенін ерекше атап өтті.
Әбдіхалықов алдағы жылдардан да жаңа шығармашылық ізденіс күтетінін айтып, өнерді Алланың аманаты деп бағалады.
«Жалғыз тілегім – Алла қуатымды, жігерімді, шабытты ала көрмесін. Балаларымды аман-есен ер жеткізуге, өнерімді адал жалғастыруға мүмкіндік берсе, қалғанының бәрі – бір Алланың қолында», – деді ол.
Сәбит Әбдіхалықов – Қазақстандағы театр мен кино саласында еңбек етіп келе жатқан тұлға. Жақында ол журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында немересі қызынан үлкен екенін айтты.