Видео тойға дайындық кезінде түсірілген
Жақында отау құрған Ермахан Аймахан мен Раушан Құдайберген тойға дайындалып жатқанда ерекше би билеген. Қазір желіде сол сәттің видеосы тарап жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.
Олардың бір-біріне деген ерекше сезімі көпітің көңіліне жылу ұялатып, көпшілік жылы лебіздерін жаудырған.
«Дұрыс қой, камера жоқ кезде, қайран жастық шақ, бәрі жарасымды, әдемі, кейін күліп отыратын кез, бақытты болыңдар, жастар! Камерадан тыс. Өте жарасымды жұп», - деп жазған көпшілік.
Еске салсақ, Димаш Құдайбергеннің жалғыз қарындасы Раушан Құдайберген театр актерімен шаңырақ көтерген еді.