Желі қолданушылары видеоны әртүрлі бағалады
Әлеуметтік желілерде танымал продюсер Баян Мақсатқызының қыздары – Айсәуле мен Айару Бақытбек түскен бейнежазба тарап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Instagram-да жарияланған видеода әпкелі-сіңлілі арулардың бірі шай ішіп отырса, екіншісі сырадан ұрттап отырғаны көрінеді. Жазбаға «бір зауытта шығарылған әртүрлі өнім» деген әзілі қосылған.
Бейнежазба жарияланған сәттен бастап қолданушылар арасында кеңінен талқылануда. Әсіресе, Баян Мақсатқызының танымалдылығы мен қыздарының ел алдына жиі шығуы пікірталасты одан әрі қыздырған.