Әнші Мөлдір Байбуринованың орындауы Джей Лоның назарын аударды
Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес Instagram парақшасындағы сторисінде қазақстандық әнші Мөлдір Байбуринованың орындаған каверін бөлісті. Ол Лопестің танымал «Ain’t Your Mama»хитін қазақ тілінде орындаған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жаңалық желі қолданушылары арасында ерекше қуанышпен қабылданды. Көпшілік: «Джей Ло репост жасады! Бұл үлкен жетістік», «Керемет дауыс», «Қазақстанды әлемге таныттың»деген пікірлерін жазып қалдырды.
Қазақша кавердің әлемдік жұлдыздың парақшасында пайда болуы – тыңдармандар үшін үлкен оқиға.
Әлеуметтік желіде:
Мөлдір Байбуринова – жас қазақстандық әнші, кавер орындаушы. Ол әлеуметтік желі арқылы түрлі хит әндерді қазақ тіліне бейімдеп, тыңдармандарға ұсынып жүр. Музыка жанкүйерлері оның шынайы дауысы мен ерекше мәнеріне жоғары баға береді.
Бұл – Дженнифер Лопестің Қазақстан өнеріне алғаш рет назар аударуы емес. Бұған дейін ол қазақстандық суретшінің салған портретін алғанын желіде жариялаған еді.