Көшедегі харассмент: Астанада ер адам терезе жуып жатқан бойжеткеннің денесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Жәбірленуші оның үстінен арызданды

Фото: видеодан скриншот

Астанада еңкейіп, терезе жуып жатқан бойжеткен бейтаныс адамның тарапынан харассментке тап болған: ер адамның оның денесіне қол жүгіртіп, бөксесін сипап өткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Екі бойжеткен Астанадағы Нұра ауданындағы тұрғын үй кешенінің терезесін жуып жатқандарын видеоға түсірген.

Пилатес-тренер Ариана есімді қыздың еңкейген сәтінде жолай өтіп бара жатқан ер адам оның бөксесін ұстап өтеді. Қыздар не істерін білмей абдырап қалады. Ариана бұл сәтті әлеуметтік желіге жүктеген. Пікір жазғандардфі қатары көбейіп, көп адам ер адамның үстінен арыз жазу керегін айтқан.

«Мен бұл ер адамның үстінен арыз жаздым. Мені бәрі қолдап жатыр. Онлайн арыз түсірдім. Енді қағаз жүзінде полицияға жүгінемін.  Желіде көпшілік мұндай әрекетке төзбеу керегін айтты», - дейді Ариана.

Сондай-ақ ер адамның суреті жарияланып, оны танитындарға құлаққағыс жасалды.