Ол қуанышын жасыра алмай, әсерлі видео жариялаған
Қазақстандық блогер Камила Саянқызы Дженнифер Лопестің биін қайталап, бейнебаян түсірген. 10 тамызда Алматыда өткен әншінің концертінде тұрған кезде, әлемдік жұлдыз оның еңбегін парақшасына салған, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Қазір не үшін жылап отырғанымды білмеймін. Бірақ менің еңбегімді Дженнифер Лопес көріпті. Қарағандыдан шыққан қарапайым қара қыз бүгін Джей Лоның концертінде де, парақшасында да көрінді. Бұл мүмкін емес дүние сияқты көрінген. Мен іштей «егер бұл орындалса, менің басты арманым да орындалады» деп түйіп едім», - деп жазған блогер.
Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес 1 тамыз күні Астанада, ал, кеше, 10 тамызда Алматыда концертін берді.