Оған түрлі жағымсыз пікірлер жазылып жатыр
Қайрат Нұртастың әйелі, танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде жүктілігі жайлы бөліскен соң, түрлі жағымсыз пікірлер ала бастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Instagram желісінде жүктілігі туралы ашық айтып жүрген Жұлдыз Әбдікәрімоваға құттықтаулармен қатар келемежге толы пікірлер де келіп түскен. Ол жақында жариялаған жаңа жазбасында өзіне жолданған бірнеше пікірдің скриншотын салып, оқырман назарына ұсынды.
Актриса бұл пікірлерге жауап қатпастан, ешкімді айыптамай, бар болғаны скриншотты жариялап, оқырмандарын ойланып көруге шақырды: неліктен кейбіреулер жүкті әйелді сынауға бейім?
«Мына пікірлерге қарап, адамзаттың мейірімге, түсіністікке зәру екенін түсінуге болады. Жүктілік — әйел өміріндегі ең нәзік, ең құнды кезең. Мұндай сәтте сынау емес, қолдау қажет», – деп жазды оқырмандарының бірі.
Айта кету керек, Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдікәрімова – шоу-бизнестегі көп талқыланатын жұптардың бірі. Мысалы, жақында Қайрат Нұртас мұңды әніне секіріп билеймін деп сынға қалған еді. Сонымен қатар ол концертіне келген тыңдармандарының арасынан бойжеткен қыздарды іздеп көзге түскен болатын. Ал одан бұрын жұбайын туған күнімен құттықтаған әнші Қайрат Нұртасқа жұрт ақылын айтты.
Сондай-ақ әншінің әйелі де халықтың сынына жиі ұшырайды. Жуырда Қайрат Нұртастың әйелі қысқа киінемін деп сынға қалған еді. Актриса желідегі парақшасында қысқа белдемше киіп, гүл көтеріп жүрген видеосын жариялаған болатын. Одан бұрын актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жазба жариялап, жұртты ойға қалдырды.