«Ешкім сені ойламайды»: Шавкат Рахмонов жұртты таңғалдырды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Отандасымыз бүгінге дейін 19 жекпе-жек өткізіп, ешқайсысында жеңілмеген

Фото: Instagram/shavkatrakhmonov94

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов желіде жаңадан алған көлігін көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шавкат Рахмоновтың таңдауы Mercedes-Benz G-Class, яғни ауызекі тілде «Гелендваген» аталып кеткен көлікке түсті.

«Өзіңе өзің осылай сыйлық жасап тұрмасаң ешкім сені ойламайды», – деп жазды Шавкат Рахмонов.

Спортшының жанкүйерлері жаңа көлігімен құттықтап, түрлі пікір қалдырды.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов қазіргі уақытта UFC рейтингінде жартылай орта салмақта үшінші орында тұр. Отандасымыз бүгінге дейін 19 жекпе-жек өткізіп, ешқайсысында жеңілмеген.